iSandBOX КОМАНДАСЫ

Біз сіздер үшін жұмыс жасаймыз!

Біздің компаниямыз әлемге керемет құрылғы – iSandBOX интерактивті құмсалғышын сыйлады. Бұл Ресей үшін де, басқа елдер үшін де балаларға білім беру саласындағы үлкен жетістік.

2012 жылдан бастап шығарылады

2013 жылдан бастап сериялық өндіріс жүруде

БІЗ КІМБІЗ?

Біз – кәсіпқой мамандар: инженерлер, бағдарламашылар, маркетологтар, өндіріс мамандары, педагогтар мен басқарушылардың тату командасымыз. Үздік Сібір университеттерінің түлектері: ТУСУР, ТМУ, ТПУ. Біздің компания өзінің түпнұсқалық әзірлемелеріне негізделген жоғары сапалы жабдықты жасайды. Біз балалар мен ересектердің өмірін жеңілдететіп, оңтайландыратын нәрсені жасаймыз. Бизнесті реттеп, демалуды, қуануды, таңдануды үйренуге көмектесетін нәрсені жасаймыз. Біздің өнертабыстарымыз ересектердің күнделікті өмірін жарқын етеді, ал балаларға қазіргі шындыққа сәйкес өмір сүріп, дамуға көмектеседі.

КІМ ҮШІН?

Қазіргі өмірді бір кездері фантаст жазушылардың қиялы болып саналған нәрселерсіз елестету қиын. Интерактивтілік пен жылдамдықтың өмірдің барлық салаларындағы рөлін мойындамау мүмкін емес. Біз адамдар мен олардың болашағы үшін жұмыс істеп, олардың әлеуетін, жеке тұлғасын ашуға және дамытуға көмектесеміз.

НЕЛІКТЕН БІЗ?

Біз әзірлеп, өндіретін және сататын нәрселердің барлығы айналамыздағы әлемді ыңғайлы, қарапайым, жылдам әрі қызықты етуге арналған. Біз сіздің балаларыңызға жақсы тәрбие мен білім беру, күн сайын шын жүректен қуануды үйрену, өз бизнесіңізді тиімдірек және табысты ету тілегіңізге ортақтасамыз.

БІЗ ҚАЙДАМЫЗ?

Біз барлық жердеміз. Күн сайын біздің рухымыз біздің өнімдерімізбен бірге жер шарының түрлі бұрыштарына еніп, достарымызға күлкі мен қуаныш сыйлайды.
Компанияның бас кеңсесі Сібірдің инновациялық астанасы Томск қаласында орналасқан.
Қазақстандағы филиал Павлодар қаласында орналасқан.

БІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІМІЗ НЕДЕ?

Біз үнемі жаңа мүмкіндіктерді ашып, айналамыздағы әлемді жақсы жаққа өзгертуге тырысамыз. Біз өзіміздің дамуымызға көп күш жұмсап, бірінші болуға ұмтыламыз. Кез-келген міндеттер мен жобалар біздің қолымыздан келеді. Сонымен қатар, біз жаңа әзірлемелерге ерекше назар аударуға тырысамыз, өйткені олар түптің түбінде адамдарға барлық мүмкіндіктері бар мүлдем жаңа әлемді ашатын ең «сиқырлы күшке» айналады.

БІЗ НЕНІ ҚАЛАЙМЫЗ?

Біз жай ғана өмір сүріп қоймай, үлкен және өте маңызды нәрсемен айналысатынымызды сезінгіміз келеді.
Біз адамдарды таң қалдырып, оларға көмектесіп, өмірлерін қызықты әрі жақсырақ, қанық әрі жеңіл еткіміз келеді!

СҰРАҚТАРЫҢЫЗ ҚАЛДЫ МА?

Сіз қызықтыратын сұрағыңызды қойып, тілегіңізді қалдыра аласыз. Біз жақын арада Сізбен хабарласамыз.



    Шарттарға сәйкес менің дербес деректерімді өңдеуге келісім беремін